Ешім ишан мешіті
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Еңбек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,6 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ешім ишан мешіті
ХІХ ғасыр
Ешім ишан мешіті зиратының аумағында орналасқан, ол екі әр түрлі уақытта салынған құрылыс болып табылады. Күйдірген кірпіштен (27х13х7 см) жасалған сегіз қырлы мұнара үстіге қарай сәл кішірейтін сегіз қырлы табанда орнатылған. Мұнараның табанындағы кірпіштердің өлшемдері: 25 х 12 х 8,5 см. Мұнара оған жалғасып құрылған қазіргі заманғы, силикат кірпіштен салынғанжерлеу құрылысының оңтүстік-шығыс бұрышын алып отыр.
Мұнараның өлшемдері. Жақтарының ені – 1,4-1,5 м, мұнараның биіктігі 5,8 м. табанының биіктігі 3,1 м. Мұнараның доғал табаны әлденеше рет жөнделді. Мұнараның үстіңгі бөлігінде 8 аркалы терезе орналасқан. Мұнараның күмбезінің астында күмбезді ұстап тұру үшін ағаш құрылысы орнатылған. Мұнараның күмбезі ішінара құлап түскен.
Жоспарында тікбұрыш пішінді, силикат кірпіштен жасалған, кірісі жоқ құрылыс СБ-ОШ сызығымен созылған. Оның өлшемдері: 6,3 х 4,6 м, қабырғалардың деңгейлерінен 0,85 м биіктігі тұр. Солтүстік-батыс қабырғаға келесі жазуы бар мәрмәр тақтайша монтаждалған: «Тілеуімбет баласы Ешім иашн Руы Жартай Керейт 1845-1920 Ескерткіш қоюшы балалары: Зиядин, Сағаштың өсіп-өнген балалары, немере, шөбере, шөпшектері, жиендері».