Шаймағанбет ишан мешіті

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылынан солтүстікке қарай 2,7 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Шаймағанбет ишан мешіті. 

ХІХ ғасыр

Мешіт өлшемі 70х35х25 см. болатын қам кесектерден қаланған. Мешіттің ұзындығы-16 метр. Ені – 8 метр. Биіктігі – 4,45 метр. Қабырғасының қалыңдығы – 50 см. мешіт жалпы 8 терезесі бар бес бөлмеден тұрады. Төбесі ашық. Мешіттің намаз оқитын үлкен бөлмесіне кірер есік ғимараттың солтүстік- шығыс жақ бетінде орналасқан. Аталған бөлменің ішкі өлшемі 8,2х6,5 метр. Бөлме терезелері бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Қалған бөлмелердің есіктері шығысқа қаратылған. Бірінші бөлменің шығысқа қаратылған бетінде төртбұрышты терезенің орны бар. Бөлменің ішкі өлшемі 3,5х1,5 метр. Екінші бөлменің ішкі өлшемі 4,5х3,5 метр. Бұл бөлменің оңтүстік-шығыс жақ қабырғасында бір терезенің орны мен бесбұрышты қуыс-тесік қалдырылған. Солтүстік-батыс қабырғасында төртбұрышты қуыс-тесіктің (сөре) орны бар. Кесененің сырты мен интерьері қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Кесененің ішкі бетінің кейбір жерлерінде ортағасырлық сылақтың бір түрі «ганч» ерітіндісінің сілемдері қазіргі таңға дейін сақталған. Мешіттің шығыс жағында 10 метрдей жерде басқа бір ғимараттың құландылары жатыр. Мешіт ішінде Кеңес үкіметі дәуірінде «Қызыл отау», ауылдық клуб, кейіннен бастауыш мектеп орналасты.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
2 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
3 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
4 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
5 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.