Тортуылұлы Мошыбай құлпытасы
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Таң ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тортуылұлы Мошыбай құлпытасы.
ХІХ ғасыр
Құлпытас құмтастан жасалған, тікбұрышты бағана іспетті. Құлпытас үш бөліктен – төменгі діңгек (80 см), жоғарғы (20 см) және көмкеруші бөліктерден тұрады. Діңінің төменгі бөлігі шабылған бұрыштар мен жайдақ байдақ оймыштан, жоғарғы бөлігінің бедері тереңірек, ол көбіне көлденең бөлінулермен берілген, көмкеруші бөлік қырлары домаланып келген жарты шар сияқты. Бағананың алдыңғы бетінде араб графикасымен жазылған жазулар бар, ал қалған бөліктері қазақ оюларымен өрнектелген. Құлпытас биіктігі 130 см. Негізінің өлшемдері 20х20 см.
Тортуылұлы Мошыбай Құлпытас ХІХ ғ.-Мошыбай 1850 жылдары Шөмекей руының ежелгі мекені, кіші жүз хандарының ордасы Ырғыз өзені бойындағы «Тәуіп» деген жерде, өз батырлардың бірі Тортуылдың отбасында дүниеге келген. Мошыбай ырғыз өңіріндегі «Исатай» мешітінде ескіше білім алған, өте сауатты болған. Ру арасында өте беделі биік кісі болған. Мошыбай Қазалыдағы орыс әкімшілігі, болыстыққа сайлануға Ташкент қаласына бір айлық оқуға жіберіледі. Сол Ташкент қаласына барар жолда белгісіз жағдайларда, кенеттен қайтыс болады. Қазіргі Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округінде құлпытас орналасқан. Құлпытаста араб ғаріпімен «Әмидулла... Нұрулла... 1877 сана (жыл) 71 жасында опат болған» деген жазу жазылған. Өлшемі: 33х32 см, биіктігі-1,75 м.