Құлболды ишан кесенесі

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Құлболды ишан кесенесі, 2002 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

 

Құлболды ишан ХVІІІ ға­сырда өмір сүрген. Ол – әйгілі Қожа Ахмет хазірет сұлтан негізін салған софылық діни ілімнің Тұран өңіріндегі ең соң­ғы өкілі саналатын Қажы Мәді Қожаның үлкен ұлы Қо­жаның бесінші ұрпағы. Жас кезінде Ысмайыл Әздүр молдадан арабша оқып үйренген зерек бозбала Бұқарадағы «Мір Араб» және «Көкілташ» мед­реселерін бітіріп, одан соң Сыр бойындағы Айтқожа, Ма­рал ишандармен бірге Ау­ған­стан еліндегі ислам шейхынан дәріс алған.

         2002 жылы Құлболды ишан кесенесі қайтадан жаңғыр­тылып салынды. Бұл жұмысқа сол жердегі ауыл-аймақ тү­гел атсалысты. Ғұламаның Әу­бәкір, Омар, Пазыл атты ұл­да­рынан тараған ұрпақтары бү­гінде Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында, дені Қы­зылорда облысында тұ­рақ­таған. Омардың ұлы Құлам­қадір ишан әрі болыс болған. Бұл туралы деректер Жүсіпбек Аймауытовтың, Міржақып Ду­латовтың шығармаларында кездеседі. Екінші немересі Әб­­діхалық Меккеге үш рет бар­ған. Ал, 1903 жылы үшінші рет барғанында Меккедегі «Му­хаммедия» медресесінде ше­жі­ре жаздырып алған. Осы ше­жі­ре бойынша Құлболды ишан Әзірет Әлінің 43-ұрпағы – Әзі­ретәлінің үшінші баласы Мұ­хаммед Әнапиядан тарайтыны нақтыланған.

Кесене Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 4 шақырымда орналасқан. Кесене биіктігі 8 м. дөңнің басында орналасқан, кірпіштен салынған құрылыс болып табылады. Төбе және оған жанасқан аймақтың айналасында жерлеу құрылыстары салынған.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл
4 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.