№ 6 атаусыз кесене
Мекен жайы: Сырдария ауданы, Айдарлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
№ 6 атаусыз кесене.
ХІХ ғасыр
Ішінде «сағана» түрінде құлпытасы бар бір камералы күмбезді кесене. Қабырғалар көлемі 25х25х5 см болатын қызыл күйдірілген кірпіштен жапсарларды жаба отырып, керте-керте қатармен қаланған, күмбез қайта жөнделген және көлемі 25х12х7 см заманауи ақ түсті силикат кірпіштен жапсарларды жаба отырып, керте-керте қатармен қаланған. Кесененің порталды қабырғасында, порталдың оң жақ қабырғасында цемент ерітіндімен, «Асанас қалашығы орта ғасырда салынған, мемлекет қорғауына алынған» деген оыйп жазылған жазбасы бар көлемі 0,6х0,3 м ашық сұр түсті мәрмәр тақташа жапсырылған. Кесененің айналаында ені 0,5 м болатын балшық төсеніш салынған және оның сыртқы периметрі бойынша ені 0,5 м ұсақ қиыршықтастан жасалған төсеніш жасалған. Кесене жоспарында тікбұрышты пішінді, мұнарасыз, цоколь бойынша 7,25х8 м көлемді.