Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы, Садық ақын көшесі, 5

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш

1980 жыл

Кешен мемориалды қабырғадан, сарбаз ескерткіштен, бедер тақатсынан құралған. Кешен аумағы қоршалған, төсемтаспен төселген алаңда орнатылған. Сарбаздың металды ескерткіші мәрмәр плиткасымен өңделген тұғырда орнатылған. Тұғырдың өлшемдері: 0,82 х 0,7 м. Тұғырдың биіктігі 1,68 м. Тұғырмен бірге ескерткіштің жалпы биіктігі 3,8 м құрайды. Кірпішті мемориалды қабырға ескерткіштен сол жақта орнатылған. Қабырғаның төменгі бөлігі плиткамен өңделген. Мемориалды қабырғада ҰОС жылдарында қаза тапқан жергілікті тұрғындардың тегі, есімдері мен өмір сүрген жылдары көрсеттілген 14 тақтайша орнатылған. Қазақша жазуында былай делінген: «Ер есімі – Ел есінде». Қабырғаның өлшемдері: 10 х 0,38 м. Биіктігі 2,55 м. Танк, зеңбірек, танкіге қарсы қойылатын тосқауылды, екі үшақ, реактивті минометті автомобильді бейнелейтін гипсті барельефі бар қызыл кірпіштен жасалған бедер тақта. Бедер тақтаның өлшемдері: 3,1 х 0,38 м. Биіктігі 2,5 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
2 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.