Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
Мекен жайы: Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы, Құттыбаев көшесі, н/з.
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
1975 жыл
Ескерткіш паркте орналасқан және мемориалды қабырға мен жауынгерге арналған ескерткіштен құралған кешеннен тұрады. Жауынгерге арналған бетон ескерткіш көлемі 6,6х3,15 м, биіктігі 0,45 м, мәрмәрмен қапталған, екі баспалдақ алып баратын алаңда орналасқан. Ескерткіштің биіктігі 4 м. Екі жағынан да гүлазар орналасқан. Ескерткіштің артқы жағында бедер тақтасы бар мемориалды кірпіш қабырға орналасқан. Бедер тақтаның жоғарғы бөлігінде Ұлы Отан Соғысының ордені мен георгиев лентасының металл бейнесі бекітілген. Қабырғаға Тереңөзек ауылында шақыртылған, Ұлы Отан Соғысы жылдарында шейіт болған жауынгерлердің аты – жөні мен өмір жылдары көрсетілегн мәрмәр тақташалар жапсырылған. Қабырғадағы жазба: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды, Никто не забыт, ничто не забыто». Қабығаның ұзындығы 27 м, биіктігі 4,2 м, қалыңдығы 0,3 м. Ескерткіштің сол жағында – зеңбірек, оң жағында – танкіге қарсы қару орнатылған.