Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
Мекен жайы: Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылы, Абай көшесі, н/з.
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
1990 жыл
Кешен мемориалды қабырға мен ескерткіштен тұрады. Кешен көтеріңкі алаң, саябақта орналасқан. Әйел мен балаға арналған қола ескерткіш, тұғырда орналасқан. Тұғыр өлшемдері: 4,25 х 4,2. Тұғыр биіктігі 0,7 м. Ескерткіштен тұғырдың жалпы биіктігі 5 м құрайды. П-тәрізді пішіндегі бетонды мемориалды қабырға. Қабырғаның төменгі жағында қазақ тіліндгі жазу: «Ешкім, ешқашан ұмытылмайды». Қабырғада қуыстарда тегі мен аттары жазылған мемориалды тақтайшалары орналасқан, барлығы 21 тақтайша. Қабырға қалыңдығы 0,42-0,55 м, жалпы ұзындығы 17,5 м, биіктігі 1,55 м. оң және сол жақтардың ұзындығы тең және 5,1 м құрайды, қабырғаның орталық бөлігі 16,9 м.