Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
Мекен жайы: Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы, Абай көшесі, н/з.
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
1986 жыл
Мемориалды кешен Ұлы Отан соғысы жылдарында мерт болғандардың құрметіне салынған мемориалды кешеннен тұрады және аллеяда орналасқан. Кешен ескерткіш пен мемориалды қабырғадан тұрады. Жауынгер мен анаға арналған бетон ескерткіш мәрмәр плиткамен қапталған екі баспалдақты тұғырға орналастырылған. Ескерткіштің алдында алау жағуға арналған металл жұлдыз орналасқан. Тұғырдың бірінші баспалдағының өлшемі: 3,95х3,85 м, биіктігі 0,25 м. Екінші баспалдақтың өлшемі: 2,2х2,1 м, биіктігі 0,9 м. Тұғырымен бірге ескерткіштің жалпы биіктігі 4,75 м.
Ескерткіштің артқы жағында соғыс жылдарында мерт болған Н.Ильясов ауылынан шыққан жауынгерлердің аты-жөні мен өмір жылдары көрсетілген мемориалды тақталар орнатылған қабырғалар орналасқан. Мемориалды қабырғаның ұзындығы 20 м, орта бөлігіндегі биіктік 3,1 м, жанынан 3,8 м, қалыңдығы 0,45 м.