Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Бесарық ауылы, Дүйсенбаев пен Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлы Отан соғысы  құрбандарына арналған  ескерткіш

1990 жыл

Кешен өзімен екі мемориалды қабырға мен бедертақтадан тұратын композицияны құрайды. Кешен бетонды алаңда, қоршалған аумақта орналасқан. Металл ескерткіш композиция ортасында, тұғыр орналасқан. Ескерткіш жоғарыға қарай тарыла түседі. Ескерткіштің жоғарғы жағында қызыл жұлдыздың бейнесі салынған. Ортасында қазақ тіліндегі келесі жазуы бар, мәрмәр тақтайшасы орнатылған: «Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болғандардың естелігіне». Ескерткіш биіктігі 6 м. ескерткіштің алдында от жағуға арналған металл жұлдызы орналасқан. Тұғыр өлшемдері 2,2 х 1,8 м, биіктігі 2,1 м. Тұғырдағы жазу, қазақ тілінде: «Ер есімі – Ел есінде». Мемориалды қабырғалар ескерткіштің екі жағынан, оның бұрышы астынан екі бағанада орнатылған. Қабырғаның сол жағында аты-жөні мен бірінші әріптері көрсетілген 6  мәрмәр тақтайшалары ілінген. Қабырғаның оң жағында 7 тақтайша. Қабырғалар өлшемдері бойынша тең. Ұзындығы 4 м, қалыңдығы 0,4, биіктігі 1,6 м. Қабырғаларға перпендикуляры «1941» және «1945» сандары бар кішігірім қабырғалар орналасқан. Қабырғалар өлшемдері: 1,4 х 0,5 м, биіктігі 1,2 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
2 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
3 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
4 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.