Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы, Ағайдаров көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш

1985 жыл

Кешен мемориалды қабырғаны, ескерткішті және барельефті үйлестіретін өзіндік тұтас композицияны құрайды. Кешен тұғырда саябақта орналастырылған. Қабырғаның өлшемдері: 5,5 х 0,5 м, биіктігі 3,5 м. Кірпішті мемориалды қабырғада тегі және есімдерімен 22 мәрмәр тақтайша орнатылған. Сол жақтың жоғары жағында заманға сай баннер орнатылған. Қабырға алдында – дөңесті жұлдыздар бейнеленген саты бар. Тақтайша үстінде қазақша – «Ерлер есімі – Ел есінде» атты жазуы бар. Қабырғаның сол жағында пішін түріндегі тікбұрыш тәріздес кірпіштен жасалған ескерткіш сақталған. Өлшемдері: 2,5 х 0,8 м, биіктігі 7 м. Ескерткіштің бет жағында жартылай шығып тұрған кірпіштер есесінен пайда болған ортасы бойынша, үстінен астына қарай, екі параллельді сызықтар бар. Ескерткіштің үстіңгі бөлігінде «Жеңіс» орденінің металды бейнесі орналастырылған. Ескерткіш алдында от тұтату үшін металды қызыл жұлдыз орнатылған. Ескерткіштің бүйір жағында 1941-1945 металл сандары бар. Мемориалды қабырғаның оң жақты беті мен бүйір бөлігі сарбаз бен әйелдің барельефті бейнесімен безендірілген. Екі сатылы тұғыр, екі қосымша сатымен. Тұғырдың өлшемдері: 9 х 7 м. Тұғырдың екінші сатысының өлшемдері: 6,6 х 4,6 м. Тұғырдың жалпы биіктігі 1,1 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.