Н.Ілиясов бюсті

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылы, Абай көшесі, 15

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Н.Ілиясов бюсті.

1993 жыл

Нағи Ілиясов (6.11.1920, Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы (Сырдария ауданы) "Қызыл коммуна" ауылы - 6.5.1987, - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. Қазақ. 1929-36 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1946-50 жылы Қызылорда облысы комитеттерінде хатшы, 1950-52 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыды. 1952-56 жылы Шымкент облысы (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Түлкібас ауданы партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің білім меңгерушісі, 1956-60 жылы Тереңөзек ауданындағы «Қараөзек» кеңшарының директоры, 1960-62 жылы облыстық мал дайындау бірлестігінің бас директоры, 1962- 66 жылы Жалағаш ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы мекемесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 1966-72 жылы туған ауылында ашылған 1- күріш кеңшарының алғашқы директорлығына тағайындалды. 1972-76 жылы Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарының директоры, 1976-81 жылы облыстық еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мекемесінде басқарушы болып істеді. Өзі басқарған шаруашылыққа 1992 жылы оның есімі берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Еңбек Кызыл Ту, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Тұғырдағы Нағи Ілиясовтың қола бюсті мәдениет үйінің алдындағы арнайы алаңда орналасқан. Граниттен жасалған тұғырдың өлшемдері 0,85х0,75 м, биіктігі 2,9 м. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,85 м. Тұғырға бекітілген қара мәрмәр тақтайшада келесі жазу бар: «Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясов 1920-1987. Осы елдімекеннің ірге тасын қалап, құрған және шаруашылықтың алғашқы директоры».

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
2 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.