О.Мәлібаев бюсті
Мекен жайы: Сырдария ауданы, О.Мәлібаев ауылы, Қызылдихан көшесі, 1
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
О.Мәлібаев бюсті.
1998 жыл
Оспан Мәлібаев (1899, қазіргі Сырдария ауданы О. Мәлібаев ауылы– 1984, сонда) – еңбек ардагері. 1920 – 25 жылы Ташкент, Бұхара қалаларында жұмыс істеп, Қызыл Армия қатарында болған. 1925 – 57 жылдары Сырдария ауданы «Қызыл диқан» ұжымшарында жұмысшы, бригадир, ферма меңгерушісі, 1957 – 63 жылдары ұжымшар, кеңшар төрағасы қызметтерін атқарды. Мәлібаев басқарған ұжымшар бірнеше мәрте Бүкілодақтық халық шаруашылық көрмелеріне қатысып, жүлде алды. Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ұлы Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1992 жылы 30 қазанда кезінде ол басқарған шаруашылыққа Мәлібаев есімі берілді.
«Айгөлек» бала бақшасының артында көше бетінде орналасқан. Гипстік бюсті іргесі бар кірпіш тұғырында орнатылған. Тұғыр туралы тақтайша ескерткішті орнату жылы мен оный мемлекетпен қорғалатындығы туралы ақпаратты қамтиды. Тұғыр өлшемдері: 0,65 х 0,65 м, биіктігі 1,45 м. Ескерткішпен тұғырдың жалпы биіктігі 2,45 м құрайды. Іргесі 0,1 м биіктікте орналасып және 0,15 м шығып тұрады.