И.Тоқтыбаев бюсті

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Алшынбаев, 24

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

И.Тоқтыбаев бюсті.

1998 жыл

Тоқтыбаев Иса (15.2.1894, Тереңөзек ауданы (қазірг Сырдария ауданы) Қараөзен а. – 1967, Қызылорда қ.) – қоғам қайраткері. 1904 – 1917 ж. Перовскідегі орыс – қазақ мектебінде, бастауыш орыс уч-щесінде оқып, Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген. 1922 – 1925 ж. «Шолпан» журналының, «Ақ жол» газетінің редакторы, Ақтөбедегі жер басқармасының бастығы, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы, Орынбордағы пед. ин-ттың директоры және жұмысшы ф-тінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.  1933 – 1936 ж. қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеде отырды. 1936 ж. В.Куйбышевтің көмегімен босап шықты. 1937 ж. Ленинградтағы КСРО халықтарының этнограф. музейінде бөлім меңгерушісі қызметінде болады. 1938 – 1947 ж. екінші рет қамауға алынып, Коми АКСР-інде түрмеде отырды. 1947 ж. түрмеден босап, Тереңөзекке оралады. 1949 – 1957 ж. үшінші рет ұсталып, Красноярск өлкесіне жер аударылды. 1957 ж. ақталып, елге қайтты. 1958 – 1964 ж. Қызылорда қ-ндағы облысы өлкетану музейін ұйымдастырушы әрі директоры болды. Қаладағы бір көшеге есімі беріліп, өзі тұрған үйге құрмет тақтайшасы орнатылған. 1998 жылдан туған ауданындағы ғ35 қазақ орта мектебі Тоқтыбаев есімімен аталады.

Иса Тоқтыбаев атындағы № 35 мектеп-лицейінің фойесінде орнатылған. Алтын бояумен боялған бетондік (мәрмәр ұнтағымен) бюсті, тұғырда орнатылған. Тұғыр кафель плиткасымен өңделген. Тұғырдағы алтын әріптермен жазу: «Иса Тоқытыбаев 1894-1967». Тұғыр өлшемдері: 0,6 х 0,6 м, биіктігі 1,45 м. Ескерткішпен тұғырдың жалпы биіктігі 2,5 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
2 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
3 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
4 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
5 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.