А.Тоқмағамбетов бюсті
Мекен жайы: Сырдария ауданы, А. Тоқмағамбетов ауылы, Боранбаев көшесі, 1
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
А.Тоқмағамбетов бюсті.
1985 жыл
Асқар Тоқмағамбетов (19 қыркүйек 1905 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар – 21 тамыз 1983, Қызылорда қ.) — қазақтың ақыны, жазушысы.
1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") (1927-30), "Ленин жолы" (Қызылорда, 1933—34), "Қазақ әдебиеті" (1934-35), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935—37), Қызылорда (1944-52, 1957-62) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды.
1925 жылы "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (казіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы "Еңбек жыры" деген атпен жарық көрді.
Таңдамалы шығармаларының жинақтары бірнеше рет (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975 жылдары) жарық көрді. Тоқтағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-1930) отаншылдық тақырыбына арналған шығармалар жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достастығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.
1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
А.Тоқмағамбетов атындағы № 135 орта мектебі ғимаратының алдында орналасқан. Гранитті бюсті, плиткамен өңделген тұғырда орнатылған. Тұғырдағы жазу: «Асқар Тоқмағамбетов 1905-1983». Тұғырдың алдында екі саты орналасқан. Тұғыр өлшемдері: 0,65х0,65м, биіктігі 2,4 м. Ескерткішпен тұғырдың жалпы биіктігі 3,3 м.