Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткіш, 1998 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, «Арай» ықшам ауданы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Тарихы: Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер»деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Кіші Қазан төңкерісін қайта жасап, халықты ұжымдастыруға шақырды. Әр тап өкілдерін теңестіруді көздеп қазақты малынан айырды. Нәтижесінде 1931-1933 жылдары жаппай ашаршылық орын алып, қазақ халқының саны 49 пайызға кеміді. Одан кейінгі жаппай жазалау кезеңі 1937-1938 жылдары жалғасып қазақ зиялыларын түрмелерге жауып кейін ату жазасына кесілді. Қазақ тарихындағы ақтаңдақ кезеңді мәңгі есте қалдыру үшін Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

Сипаттамасы: Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін басталды.  Яғни 1993 жылдың 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Осы орайда, 1998 жылы Қызылорда қаласында ашаршылық қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш орнатылды. Қаңқа негізінде қаңылтыр табақтарынан жасалған қуыс металды элементтердің үстіңгі бөлігінде қосылған үшбөлікті құрылыс астына қарай үш сәулелерімен тарқалады және бетоннан жасалған стилобатқа негізделген. Бетонды стилобаттың ортасында гранит тақта орнатылған. Тақтайшада көгершіннің бейнесі және 97 саны, сонымен бірге қазақ және орыс тілдерінде – «Татулық пен еске алу жылы», «Год согласия и памяти» деген сөздер қашалып жазылған. Ескерткіштің биіктігі – 10 метр. Ескерткіштің авторы – сәулетші Мәлік Сапарғалиев. 2017 жылы мемориалды ескерткіштің бастапқы қалпын сақтай отыра қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, аумағы толық абаттандырылды. Мемориалды ескерткіш мазмұны жағынан «біз біргеміз» елімізде бейбітшілік болсын, ендігі жерде бұндай қасірет болмасын деген көрініс пен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессияда «халық жауы» атанып, жапа шеккен алаш арыстарының ақталғандығының көрінісін береді. Ескерткіш бүгінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасына (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/187) енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
3 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.