Ғайып ата кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 06.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ғайып ата кесенесі.

ІХ ғасыр

Ғайып атаның туған, қайтыс болған жылдары жайлы мәліметтер жоқ. Қайсыбір ғалымдардың, зерттеушілердің пікірінше ІХ ғасырда өмір сүріп, кесенесі де сол кезде салынған сияқты. Бұл күндері бізге мәлім, айқын болғаны, Ғайып ата кесенесінде бір ғана адам жерленбеген. Бұл жәйт, тарихшыларымыздың «Оқшы Ата» мазараты Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынып, сол жерге қазақтың зиялы азаматтарын жерлей бастағанға дейінгі Сыр бойы халқының игі көсемдерін, әулие көрегендерін, батырлары мен шешендерін жерлеген пантеон болды деген пікірлерін растай түседі. Қабірге кіреберіс бөлменің ені 6,18м, ұзындығы 2,70м. Төргі қабірстан бөлменің ені 8,73м, ұзындығы 8,35м. Кесененің жоспары төртбұрышты, көлемі 9х8 м, сақталған биіктігі 1,5 м, қалыңдығы 70-80 см. Күйдірілген кірпіштен қаланған. Алғашқы қалпы сақталмаған, шамамен 40 см сақталған іргесінің үстіне барлық деңгейде қара қағаз төселіп, оның үстіне қабырғасын 1-1,5 м өріп көтерген. Бұл қалпына келтіру жұмыстары дерек берушінің айтуынша 1997-1998 жж. Кемелов Омархан деген кісі жүргізген. Ауызы оңтүстікке қаратылған, порталының ізі сақталған. Ішкі төрінде екі қабір орны, кіре-беріс оң жақ бұрышында жоспары төртбұрыш құрылыс қалдығы бар.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
4 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.