Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, 65 («Жеңіс» кинотеатры ауласында)
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 06.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш
1985 жыл
Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш-белгі Шиелі кенті, «Даңқ» мемориалы. Сол кездегі аудандық партия комитетінің бірінші секретары С.Шаухаманов бас болып, 1985 ж Ұлы Жеңістің 40 жылдығы құрметіне арнап салдырған. Ескерткіш аудан орталығындағы «Жеңіс» кинотеатры ауласында орналасқан. «Солдат пен әйел» ескерткішінің биіктігі 2,5 м, астындағы төртбұрыш тұғырдың биіктігі 3м. Ескерткіштің алдындағы екі қапталда соғыста қаза тапқан 2 мыңға жуық аудан азаматтарының аты ақ мрамор плиталарға жазылып, екі қатар етіп ілінген. 2005 жылы Жеңістің 60-жылдығы қарсаңында «Даңқ» мемориалына аудандық бюджеттен 2 млн. теңге бөлініп, ескерткіш қабырғаларының жарылып, жалпы келбетінің ескеруіне байланысты, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ескерткіштің астыңғы тұғыры қайта құйылып, «Мәңгі алау» айналасымен қосып қара, қызғыш түсті гранит плиталармен қапталды. 2008 жылы мамыр айында ауданнан соғысқа аттанып, сол жақта қаза тапқан жауынгерлердің есімдері ескерткіштің екі жақ бетіне қара мрамор тақталарға жазылып қойылды.