Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі ғимараты
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Нартай көшесі, 5
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі ғимараты
1993 жыл
Нартай Бекежанов мемориалдық өнер музейі облыстық атқару комитетінің 1990 жылғы № 23 қаулысына сәйкес салынып, 1993 жылдың 25 қазанында пайдалануға берілді.
Ескерткіш – Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи – мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай – ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия отырысының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 2 хаттамалық – шешімімен алдын – ала есепке алынған.
Ескерткіштің биіктігі – 2,5 м, ені 1,80 м.
Музей силикат қыштан тұрғызылған, екі қабатты, екі күмбезді шығыс үлгісімен салынған. Музейдің жалпы көлемі 384,1 шаршы метр.
Объектінің иллюстрациялық материалы: силикат кірпіш, ағаш, бетон.