Н.Бекежанов ескерткіші

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Нартай ауылы, Нартай көшесі, 5

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Н.Бекежанов ескерткіші.

1990 жыл

Нартай Бекежанов(26 наурыз 1890 жылы, қазіргі Шиелі ауданы, Қызылорда облысы – 17 желтоқсан 1954 жылы, Алматы) – ақынкомпозиторәнші. Бай - молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта әмеңгерлікті әшкерелеген. (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды. Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен,Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер (“Толқын”, “Нартай сазы”, “Өсиет терме”) шығарды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Оның өмірбаяны туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды.Нартай Бекежанов 1954 жылы дүниеден өткен.

Ескерткіш 1990 жылы орнатылған, авторы Иманов Ермахан. Ескерткіш үлкен тау тасына (4х1,80м) отырғызылған. Биіктігі шамамен 2,5м, ені 1,80м. Іші гипстен құйылып, сырты мыс қаңылтырмен қапталған. Объектінің иллюстрациялық материалы: силикат кірпіш, ағаш, бетон.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
2 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
3 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.