Ы. Жақаевтің қабіріне қойылған ескерткіш

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Ы.Жақаев ауылы, Ы. Жақаев көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ы. Жақаевтің қабіріне қойылған ескерткіш.        

1984 жыл

Ыбырай Жақаев- екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (19491971), күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1946). 1891 жылы қазіргі Қызылорда облысыШиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.

Ыбырай Жақаев 1890 жылы туылып, 1980 жылы қазір өз атымен аталатын ауылда қайтыс болған. Ы.Жақаев (1891-1981), еңбегі сіңген күрішші, бірнеше ондаған шәкірт дайындаған, еңбек жолында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ескерткішті 1986 ж»Қазжобақалпынакелтіру» институтының экспедициясы зерттеген. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы зерттеді.

Ескерткіш клуб ауласында орналасып, ауылдың орталық алаңының сәнін келтіріп тұр. Жобаны ГПИ «Южгорсельпроект» Қызылорда филиалы (архитектор К.Кульбашев) жасаған. Ескерткіш орталық алаң кешеніне кіреді. Мүсін биіктігі 95 см, екі тұғырға орнатылған, биік тұғыр (60х60х185 см) негізге (биіктігі 40 см) бекітілген. Олар өз кезегінде жоспары төртбұрышты монументті плитаға орнатылған. Тұғырдың жоғарғы бөлігінде мемориалды тақтайша орнатылып, онда Ы.Жақаевтың еңбегі мен өмір сүрген уақыты жазылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
3 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.