Ш. Есеновтің бюсті Шиелі ауданы

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Көкшоқы елді мекені, Ш. Есенов көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ш. Есеновтің бюсті.

 

Көкшоқы елді мекені, Ш. Есенов көшесі, н/з.

Алдын ала тізіміне алынған  тарих және мәдениет ескерткіші

Ескерткіш - бюст 1998 жылы орнатылған. Шиелі кентінің солтүстігіндегі Көкшоқы елді мекенінің орта тұсында, «Болашақ-Шиелі» ЖШС оқу корпусының алдында орналасқан. Бюсть габро тасынан қашалып, кеудеден жоғарғы бөлігі бейнеленген. Жерден биіктігі 2м, ені 70см, сақталу жағдайы жақсы.

Ш.Есенов 1927 жылы 5 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы Тартоғай ауылында қызметші отбасында туылған. Одаққа та­нылған ірі тұлға, әлемдік ауқым­дағы істерге араласқан қоғам қайраткері. Шах­мардан Жорабекұлы геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик,   1961-1965 жыл­дары және 1974-1978 жыл­дары Қазақ КСР геология министрі, 1965-1967 жылдары Қазақстан Үкі­меті Төрағасының өнеркәсіп са­ласы бойынша орынбасары, 1967-1974 жыл­дары Қазақстан Ғылым ака­демиясының президенті, одақ­тық және республикалық парламенттер депутаты, КСРО Жо­­ғарғы Кеңесінің білім, ғы­лым және мәдениет жөніндегі ко­митеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды, Екі рет Кеңес Одағының ең жоғары мәртебелі марапаты – Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынылған.

Ш.Есе­новке 1966 жылы Кеңес Ода­ғының ең үлкен мерейлі марапатының бірі – Лениндік сыйлық берілді.

 

                                          

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
4 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.