«Ер есімі – ел есінде» ескерткіші, 2001 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 18

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Сипаттамасы: Ескерткіш Қызылорда облысының ішкі істер Департаментінің аумағында орналасқан. Ескерткіш қимасы үшбұрышты, екі сатылы стела болып келеді, сырты мәрмәр тақтасымен қапталған. Стела биіктігі 0,93 м болатын көтеріңкі алаңда орналасқан, оған жеті саты алып барады. Стеланың бет жағынан қара мәрмәрдан жасалған саты орнатылған. Негіздегі стеланың өлшемдері: 2,05х2,05х2,05 м. Негізден бастап өлшенген стеланың биіктігі 7,5 м. Стеланың үстіңгі бөлігінде ішкі істер Министрлігінің металл елтаңбасы орнатылған. Стеланың үстіңгі сатысының астыңғы бөлігі қара мәрмәр тақтасымен қапталған. Астыңғы бөлігінде «Ер есімі-ел есінде» деген жазуы бар қара мәрмәрдан жасалған тақтайша орнатылған. Тақтайшаның астында борышын өтеу кезінде қаза тапқан ІІМ қызметкерлерінің аттары және өмір сүрген жылдары жазылған он екі қара мәрмәр тақтайшалары орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
5 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.