Мақтұм Сейіт кесенесі, 1927 ж.
Мекен жайы: Сырдария ауданы, Шаған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 12.02.2020
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ескерткіш туралы мәлімет
Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі
Кесене Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1927 жылы бабаның 7-ші ұрпағы Смағұл қожаның басшылық етуімен кесене салынған. Құрылыс жұмыстарын сол өңірге белгілі Ізтілеуов Нұрпейіс жүргізген.
Махтұм Сейіт Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима мен Әзірет Әліден тараған Сайд қожаларының 37 ұрпағы. 1590 жылы дүниеге келіп, бүкіл өмірін Сыр өңірінде өткізген. Халық аузындағы әңгімелерге қарағанда Махтұм Сейіт терең білімді, шарапатты аруақты болғандығын, өз дәуірінде елге өте танымал, беделді, қаріп кісілерге демеуші, елді сауаттандыруға көмек етіп, мешіт ұстағанын белгілі тұлға болған.