Су қыспақты мұнара

Мекен жайы: Шиелі кенті, Дәулеткерей көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Су қыспақты мұнара.

ХХ ғасыр

Шиелі теміржол станциясы жанында орналасқан бұл мұнара 1904 жылы Орынбор – Ташкент темір жол құрылысымен бірге салынған. Сегіз қырлы етіп тұрғызылған бұл ғимарат екі бөліктен тұрады. Біріншісі, биіктігі 8,5м. болатын күйген кірпіштен өрілген мұнара, екінші жоғарғы бөлігі ағаштан салынған, биіктігі 4,5 м. ауа шығатын моржа биіктігі 1м. Мұнарада екі су сақтайтын орын бар, оның сегіз қырлы пішіні бұрыштары кесілген төртбұрышты (12х6 м) еске түсіреді. Мұнара екі қабатты, төменгісі күйдірілген тікбұрыш форматты кірпіштерден айшықталып қаланған, жоғарғысы-ағаштан салынған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 17 м. Қабырға кірпіштерінің көлемі 29х16х9,5см. Төменгі қабатта машиналық бөлімше, ал жоғарғысында –су сақтайтын орындар орналасқан. Мұнараның ерекшелігі-ұзын жақтарының ортасына жарты циркульді кескіндегі аркалы қуыстардың орнатылуында. Олардың екі жақ бөлігіндегі әр қасбетте сәулелі маңдайшалары бар терезе ойықтары орналасқан. Тура осындай ойықтар ғимараттың бүйір жағында да бар. Ал, қарама-қарсы жағында мұнараға кіретін есік орналасқан. Барлық ойықтар сталактиттедегі үшбұрышты үшкіл маңдайша түріндегі сандриктермен безендірілген. Терезелер деңгейінен жоғары «қиғаш» қырларда аркалық қуытар орналасқан. Жоғары қабаты бөренелерден салынып, тақтайшалардың тік және көлденең қатарларымен әсемделіп қапталған. Шатырдың құламалы, асылмалы бөліктері бар. Су сақтайтын орындардың үстіне екі шатыр шамы орнатылған, шатыр темір қаңылтырлармен жабылған. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
5 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.