Теміржол вокзалы ғимараты
Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасы, Мешіт көшесі, н/з
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Теміржол вокзалы ғимараты.
1905 жыл
1905 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылуына орай жолаушылар мен жүк тасымалын жүйелі түрде жолға қою мақсатында ірге көтерген құрылыс нысанасы болып табылады. Теміржол вокзал ғимараты темір жолдың қасында орналасқан. Ғимарат кірпішпен өрілген, сыланбаған, жоспарында Г – тәріздес болып келеді. Ғимараттың жалпы алаңы – 458м3. Орташа биіктігі 6м, құрылыс көлемі -2748м3.