«Ер есімі – ел есінде» кешенді тағзым алаңы, 2010 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы, А.Құнанбаев көшесі, н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Сипаттамасы: Ескерткіш қызыл кірпіштен қаланған, П жоспарында, үш тағзым қабырғасына бөлінген. Бас фасады жоғарғы жағында жеке ататын ойықтары бар бекіністі дуал түрінде салынған. Қабырғаның ортасында қызыл граниттен тағзым тақтайшасы орнатылған (көлемі 70х10х220 см). Тақтайшада «Ұлы Отан соғысы 1941-1945» деп қашалып жазылған, астында «Ұлы Отан соғысы» ордені мен екі лавр бұтағы бар жауынгер каскасы салынған. Гранит тақтасы бетон іргетасқа (көлемі 400х370х50 см) орнатылған. Ол өз кезегінде «Мәңгі алау» орналасқан композиция ролін атқарып тұр. Мәңгілік алау бесбұрышты жұлдызды бейнесінде жасалған. Іргетасының жиегі темір шынжырмен көркемделіп қоршалған. Гранит тақтаның артында екіге бөлінген Ұлы Отан Соғысының қатысқандардың тізімі бар тақтайшалар қойылған. Басқа екі тағзым қабырғасы тыл ардагерлері мен батыр аналарға арналған (көлемі 250х40х260 см). Мұнда да есімдер тізімі тағзым тақтайшасына қашалып жазылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
2 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
3 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
5 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.