Қарасопы кесенесінің жанындағы мешіт
Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырымда орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Қарасопы кесенесінің жанындағы мешіт.
1895 жыл
Жаңақорған кентінен оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырымда орналасқан. Мешіт бір камералы, күйдірілген төртбұрышты (сарғыш түсті) кірпіштен салынған. Жалпы көлемі: іргетасынан алғандағы өлшемі: 10х10 метр, қабырғасынан алғандағы өлшемі: 9,75х9,55 метр болады. Кейінгі уақытта мешіт алдына тақтай төсеп, төбесі бар табалдырық тәрізді құрылыс салған. Мешіттің алдына апаратын кішкене жол гранит плиталармен төселген.