Исатай Әбдікәрімов мүсіні
Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы, №168 мектеп ауласында орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Исатай Әбдікәрімов мүсіні,
2013 жыл
Исатай Әбдікәрімов 1923 жылы 15 мамырда Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында туған. 1952 жылы Қызылордадағы В.Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтын, 1954 жылы КПСС Орталық комитетінің Жоғары партия мектебін, 1962 жылы Қызылорда гидротехникумын бітірген. 1935-1940 жылдары ауылшаруашылық техникумында, ауылшаруашылығы институтында оқыды. Ол өзінің еңбек жолын 1940 жылы Жаңақорған аудандық «Екпінді» газеті редакциясының әдеби қызметкері болып бастады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Гвардиялық полк командирі, атқыштар бригадасының командирі болды.1946-1948 жылдары Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, Қармақшы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеді. 1949 жылдан бастап облыстық партия комитетінің аппаратында нұсқаушы, сектор меңгерушісі, облыстық комсомол комитетінің 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1953-1955 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, облыстық Кеңесі атқару комитетінің хатшысы болды. 1955 жылдан Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қармақшы өндірістік басқармасы партия комитетінің хатшысы, Жалағаш аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін ақарды. 1972-1978 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. 1978-1979 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының Төрағасы болды.
Мүсін 2,0 натуралық өлшемде қола матералынан құйылған. Биіктігі 1,10 метр, салмағы 380 кг. Тұғыры бетоннан құйылып, сырты гранитпен қапталған. Өлшемдері h-3 метр, 60х60 см. Мүсіннің авторы – Қ.Сатыбалдин.