Абызтөбе қалашығы
Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Қаратөбе ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5,3 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Абызтөбе қалашығы,
ортағасыр
Теңіз деңгейінен биіктігі 226 м. Ескерткішті 1900 ж. В.А.Каллаур ашқан, 1966 ж. ХАЭЭ (С.П.Толстов) зерттеген. 1969-1970 ж.ж ОАЭ (К.ААқышов) зерттеген. 2004 ж. ХҚТУ ТАЭ (М. Елеуов) географиялық координаттарын анықтап,суретін түсірген. Жоспарында тікбұрышты төбе түрінде болып келген қалашық солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған.Көлемі 105х90 м, биіктігі 5 м. Төбенің үсті тегіс.Қалашыққа кіретін қақпа төбенің оңтүстік бөлігінде орналасқан.Қазба жүргізілмеген.