Балапантөбе қалашығы
Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 14,4 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Балапантөбе қалашығы,
ҮІІІ-ХІІ ғғ.
Теңіз деңгейінен биіктігі 174 м. Ескерткішті 1900 ж. В.А.Каллаур ашып зерттеген, 2004 ж. 2004 ж. ХҚТУ ТАЭ (М. Елеуов) географиялық координаттарын анықтап,жоспарын сызып суретке түсірген. Қалашық жоспарында бесбұрышты,Қабырғаларының ұзындықтары: солтүстік батысынікі-50 м, шығыс-80 м, оңтүстік-90 м, оңтүстік-батысынікі-50 м,солтүстік-батыс-50 м, биіктігі 9 м. Қалашыққа кіретін қақпа оңтүстік-батыс қабырғада орналасқан.