Әбуша Дінісламов мүсіні
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі, Жеңіс саябағында орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 13.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Әбуша Дінісламов мүсіні,
2016 жыл
1934 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының Арықбалық ауылдық Кеңесінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1946 жылы буыны қатпаған бала кезінде бастаған Әбуша соғыстан кейінгі ауыр кезеңдерде қара жұмыстың отына қақталып өсті.
Қазалы локомотив депосында жөндеуші, байланыс бөлімшесінде шебер болып жұмыс істеген. Алпысыншы жылдардың аяқ шенінде туған ауылында күріш өсірумен айналысты. Еңбекқор диқан Сыр күрішін өсірудің тәсілін терең игерді.
1975 жылы мол өнімге қол жеткізгені үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, «Ленин» орденімен марапатталған.
Атақты диқан Дінісламов Әбуша 1997 жылы 13 шілдеде дүниеден өтті. Даңғайыр диқанның атында туған ауылында көше атауы бар.
Мүсін 2,0 натуралық өлшемде қола материалынан құйылған. Жалпы биіктігі 3 метр, оның ішінде мүсіннің биіктігі 1,30 метр, салмағы 350 кг. Тұғыры бетоннан құйылып, сырты гранитпен қапталған. Өлшемдері h-1,70 метр, 70х70 см. Мүсіннің авторы – А.Кененбаев.