Петр Пак мүсіні
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі, Жеңіс саябағында орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 14.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Петр Пак мүсіні,
2016 жыл
1905 жылы дүниеге келген. Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударған корейлердің қатарында Қазалы ауданына көшіп келген. Атақты колхоз ұйымдастырушысы Қашақбай Пірімовтың қарауында «Қызылту» колхозы күрішшілер бригадасының звено жетекшісі болып еңбек еткен.
1948 жылы Пётр Павлович Пактың звеносы бекітілген
Еңбектегі ерлігі үшін 1949 жылдың 20 мамырында Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. 1961 жылы зейнеткерлікке шығып, 1963 жылы дүниеден өтті.
Мүсін 2,0 натуралық өлшемде қола материалынан құйылған. Жалпы биіктігі 3 метр, оның ішінде мүсіннің биіктігі 1,30 метр, салмағы 350 кг. Тұғыры бетоннан құйылып, сырты гранитпен қапталған. Өлшемдері h-1,70 метр, 70х70 см. Мүсіннің авторы – Ж.Исмагулов.