Мұстафа Шоқай бюсті, 2005 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, н/з.(№187 орта мектептің ауласы)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Мұстафа Шоқай (1890-1941) — Алаш қозғалысына қатысқан ірі қайраткер, Түркістан жерінің азаттық күресі топ бастаушыларының бірі, публицист ғалым. Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында Сыр өңірі қазақтары арасындағы беделді кісі Шоқайдың үй ішінде өмірге келген. Мұстафа Шоқайдың әкесі Торғай Сыр азаматтары Ресей өкіметінің қоластына өтпей тұрғанда Хиуа ханының уәлиі, ал нағашылары Хиуа хандығын орыстардан қорғауда ерекше көзге түскен әйгілі әскербасылар болған.

Сипаттамасы: Бюст қоладан жасалған. Бюст бет жағымен оңтүстікке бағдарланған. Бюстінде Мұстафа Шоқай тақия, жейде және галстук, пиджак, сонымен бірге үстінде шапан не халат киілген күйінде бейнеленген. Бүгілген оң қолында латын тілінде жазылған жазуы бар кітапты ұстап отыр: «YENI TURKISTAN». Бюсттің биіктігі 1,4 м, ені 0,9 м. Бюст тікбұрышты тұғырда орнатылған. Тұғыр гранит тақталармен қапталған. Тұғырдың өлшемдері: 0,85х0,8х1,85 м., тұғырдың үстіңгі жағының өлшемдері: 1х1х0,15 м.  тұғырға жылтыраған тақтайша бекітілген, онда «Мұстафа Шоқай 1890-1941» деп жазылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
2 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
4 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.