Ыбырай Алтынсарин бюсті, 1996 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Камалов көшесі, 39а (№10 мектеп ауласы)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленген. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатқан. Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрған. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысқан. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат еткен. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізген. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналған. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш, көп оқыған, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандаған. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынған.

Сипаттамасы: Бюст бетоннан құйылған, сырты қола түстес бояумен сырланған. Бюст жоспары төртбұрышты тұғырға қойылған. Тұғырдың көлемі – 90х98х100 см тең. Тұғыр бетоннан құйылып, сырты мрамор плиткалармен қапталған. Тұғырдың алдыңғы фасадына «Ыбырай Алтынсарин 1841—1889» деп жазылған. Бюстің көлемі – 90х60х110 см.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.