Жаппасбай Нұрсейітов мүсіні, 2018 ж.
Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі н/з
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 12.02.2020
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ескерткіш туралы мәлімет
Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі
Жаппасбай Нұрсейітов (1923, Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария ауданы) – 14.4. 1997) – жауынгер, Кеңес Одағының Батыры (10.1.1944). 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Киев, Харьков қалаларын, Румыния, Венгрияны жаудан азат етуге қатысты. 1944 жылы жерлестері ақша жинап, оның атындағы сүңгуір кеме жасатады. Қазір бұл кеменің қалдықтары Ресейдің Мурманск қаласындағы Солтүстік флоттың әскери-теңіз музейінде сақтаулы. Соғыстан кейін Өзбекстан, Тәжікстанда әртүрлі қызметтер атқарып, еңбек демалысына шығады. 1995 жылы 28 сәуірде «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы беріледі. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.