Темірбек Жүргенов бюсті, 2005 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ақмешіт м/а, №136 орта мектептің ауласы
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Тарихы: Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) - Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған. 1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.1930-1933 жылдары - Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары. 1933-1937 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды.Ол 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Сипаттамасы: Бюст табиғи граниттен қашалып жасалған. Мүсін Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясынан дайын күйінде әкеліп орнатылған. Мүсіннің көлемі – 80х70х200 см. Тұғыры бетоннан құйылып, гранит тақталармен қапталған (көлемі 110х110х195 см). Тұғыр орналасқан іргетасының көлемі 295х295х20 см. Тұғырдың алдыңғы фасадында «Темірбек Жүргенов 1898-1938» деп жазылған. QR-код тақтайша орнатылған.