Сұлтанбек Қожанов бюсті, 2005 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 35

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген. Қожанов елдің саяси-әлеуметтік жұмысына 1915-ші жылдан бастап белсене кірісті. Сол жылдары Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрады. 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Түркістан (Қоқан) автономиясына қызу қолдаушылық танытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құлатуын жергілікті халықтың өзін-өзі билеу құқығын аяқ асты етушілік деп бағалады. Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 ж. қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм,  Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылы Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды. РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана 1994 жылы еңбектері шығарыла бастады.

Сипаттамасы: Сұлтанбек Қожановтың гипстік бюсті көтеріңкі алаңда орналасқан, оған алдыңғы және екі жақтағы бүйірлерден мәрмәр тақтасымен қапталған төрт саты алып барады. Сонымен бірге алаңның өзі де мәрмәр тақтасымен қапталған. Алаңның биіктігі 0,48 м, өлшемдері: 3,2х4,35 м. Бюст іргесі бар тұғырда орнатылған, іргесі 0,12 м биіктікте 0,06 м-ге шығып тұр. Тұғыр күйіктас тақтасымен қапталған. Тұғыр өлшемдері 0,8х0,68 м, негізден өлшенген биіктігі 2,3 м. тұғырға «Сұлтанбек Қожанұлы» деген жазуы бар тақтайша бекітілген. Тұғырдың табанынан бастап, бюстімен бірге ескерткіштің жалпы биіктігі 3,4 м құрайды. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
3 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
4 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.