Жәлел Қизатов бюсті, 2005 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әбілқайыр хан көшесі, 36а (№23 мектеп-лицейінің ауласы)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Жәлел Қизатұлы Қизатов (9.10.1920, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Қарағай ауылы – 25.4.1999, Қызылорда қаласы) – еңбек және соғыс ардагері, қоғам қайраткері. Кеңес Одағының Батыры (15.1.1944). 1940 жылы ауыл шаруашылығы техникумын бітірген соң, Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірген Қизатов 154-гвардиялық артиллерия полктың взвод командирі болды. Соғыс жылдары жоғары артиллерия мектебін бітіреді. 2-дүниежүзілік соғысқа бастан-аяқ қатысқан. Ол Одесса, Қырым, Сталинград, Белоруссия майдандарында, фашистермен күресті, батыр – қалалар Одесса, Керч, Сталинградты қорғауға, Украина, Белоруссия, Польшаны фашистерден азат етуге қатысты, Германия жерінде соғысты. 1944 жылы Днепр өзені үшін болған шайқаста көрсеткен асқан ерлігі үшін аға лейтенант Қизатовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғысты майор дәрежесінде аяқтады Соғыстан соң Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірді. 1947 – 50 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1952 – 57 жылы Булаев ауданы атқару комитетінің төрағасы, 1957 – 63 жылы Таман дивизиясы атындағы кеңшардың директоры, 1963 – 68 жылы Қарақоға элеваторының директоры болды. 1968 – 87 жылы Қызылорда облыстық астық өнімдері басқармасының бастығы, 1988 – 97 жылы облыстық табиғатты қорғау қоғамы төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Ол облыс экономикасын дамытуға, әсіресе ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіп саласына елеулі үлес қосты. Оның белсенді қатысуымен Қызылорда астық өнімдері комбинаты Жалағаш және Шиелі элеваторының құрылысы іске асырылды. Арал экологиялық апат аймағының мәселелерін жалпы мемлекеттік деңгейге көтерді. Арал өңіріндегі экологиялық апаттан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша заңды жетілдірушілердің бірі болды. Жеңіс парадына екі рет қатысты. Ол бірнеше өлең, повестер, поэмалар мен әңгімелер жазған. Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланған. 2 рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, 1,2-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Сипаттамасы: Жалел Қизатовтың қола бюсті Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің ауласында орналасқан. Ескерткіш мәрмәр тақтасымен қапталған екі сатылы алаңда орналасқан. Қимасы тікбұрышты тұғырдың өлшемдері 0,64х0,73 м, биіктігі 2,1 м. тұғырдың табанынан бастап ескерткіштің жалпы биіктігі 3,2 м. Тұғырда «Ж.Қизатов 1920-1999 жж» деген жазу бар. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
4 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
5 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.