Тәкей Есетов мүсіні, 2013 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс көшесі, н/з (№264 мектеп ауласы)
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Тарихы: Мемлекет және қоғам қайраткері Тәкей Есетов 1923 жылы қараша айында Қазалы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын сауатсыздарға әріп үйрететін курста мұғалім болып бастаған. Соғысқа дейін халық сотының хатшысы болып жұмыс жасған. Алматыдағы алты айлық авиациялық курсты 1941 жылы, Ленинград қаржы-экономикалық институтын 1955 жылы бітірген. 1941-1942 жылдары майданда болып, ауыр жарақан алып елге оралған. Аудандық сотта хатшы, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен. 1950 жылы аудандық қаржы бөлімінде, 1955 жылдан Арал аудандық қаржы бөлімінің бастығы болған. 1957-1985 жылдары Арал аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Қызылорда облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Арал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. Бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен марапатталған. Тәкей Есетов - Сыр өңірінің дамуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының түзелуіне аянбай қызмет жасаған, ел ілтипатына бөленген абыройлы азамат, қайраткер тұлға. Сол кездегі өңір экономикасы мен әлеуметтік жағдайын дұрыс бағамдай білген, көпшіліктің риясыз алғысына бөленіп, бұқара халықтың сенімін арқалаған білікті басшы болған. Тәкей Есетов 1978 жылдан 1985 жылдар аралығында Қызылорда облысын басқарған кезеңде құрылыс қарқын алған. Облыс орталығында драма театр, музей, әуежай, басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысы сол кезеңдерде қатар жүргізілді. Одан өзге «Қызылордарисмаш» зауыты, «Шалқия» кеніші секілді көптеген өндіріс орындарының жұмысы жандана түскен.
Сипаттамасы: Тәкей Есетовтің елдің мұрат-мүддесі жолындағы еңбегі облыс тарапынан жоғары бағаланып, 2013 жылы мүсіні Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейінің ауласына орнатылған. Мүсін 2,0 натуралық өлшемде қола материалынан құйылған. Биіктігі 1,30 метр, салмағы 380 кг. Тұғыры бетоннан құйылып, сырты гранитпен қапталған. Өлшемдері h-2,30 метр, 70х60 см. Мүсіннің авторы – Қ.Сатыбалдин. Мүсін тұғырына тұлға туралы ақпарат алу үшін QR-код тақтайша орнатылған.
Тәкей Есетов өмірі туралы ақпарат Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының (https://kitapkhana.kz/ru/692-tkey-esetov.html) және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы (http://edurk.kz/kz/news/4680yzylordada_licejge_tkej_jesetlyny_jesm_berld/#) сайттарынан алынды.