Сәбит қорымындағы № 41 сағанатам, ХІХ ғ. аяғы
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Сипаттамасы: Жоспарында бетше босағасы бар тікбұрышты мазар болып келеді, бұрыштары дүниенің төрт бұрышына бағытталған. Қам кесектен салынған. Мазардың бұрыштарында қимасында шаршы пішінді, екі сатылы мұнаралар орнатылған. Есік оңтүстік-батыс қабырғада орналасқан. Мазардың ішінен жерасты сағанатам табылды, ол жерлеу камерасының солтүстік бұрышына жақындау орналасқан.