Цой Ги Хва мүсіні
Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі н/з
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 18.02.2020
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ескерткіш туралы мәлімет
Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі
Цой Ги Хва 1911 жылы Солтүстік Кореяда туған. 1937 жылы Қызылорда округіне келіп, 1938-1939 жылдарда бұрыңғы Тереңөзек ауданындағы Кантон коммунасы ұжымшарына колхозшы болып кіреді. 1940 жылдан колхозда күрішші, күріш звеносының жетекшісі болған. 1948-49 жылдары ол басқарған звено күріштің әр гектарынан 96-98 центнерден өнім алған. 1949 жылы күріш өндірудегі жоғары көрсеткішке жеткені үшін сол жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Шаған ауылындағы бір көше Цой Ги Хваның есімімен аталады.