Ибадулла Ақниязов мүсіні
Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі н/з
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 18.02.2020
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ескерткіш туралы мәлімет
Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі
Ақниязов Ибадулла – күріш өсіруші, еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1949). 1929 жылы қазіргі Сырдария ауданы, «Қызыл диқан» ауылында туған. Еңбек жолын бұрынғы Тереңөзек ауданы «Ленин» атындағы ұжымшарда колхозда колхозшы болудан бастаған.1954 жылдан СОКП-ның ХХІ съезі атындағы кеңшарда күрішшілер звеносын басқарды. Ол басқарған ұжым 18 га егістен 34 ц-ден астық алды.СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 11 мамырдағы жарлығымен Ибадулла Ақниязов Социалистік Енбек Ері атағын алады. Бұдан кейінгі жылдары да еселі еңбек ету арқасында Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұл-қыз өсірген өнегелі отбасы басшысы. Бірнеше рет ауылдық, аудандық Кеңестің депутаты болды. 1971 жылдардан бастап тікелей мал шаруашылығымен айналысты. Бұл тұста да жаман болған жоқ. Республикада ерекше еңбек сіңірген зейнеткер болды. 1998 жылы дүние салды.