Есет батыр Көкіұлы мүсіні

Мекен жайы: Жалағаш ауданы,Есет батыр ауылы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 18.02.2020

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Есет батыр Көкіұлы мүсіні, 2017 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

 

Есет батыр - қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырлардың бірі.

Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіру ішіндегі Тама руының, Аташал тармағынан. Әбілқайырхан Ресейге қосылу мәселесін көтергенде соның қасында болып, Кіші жүз бен Орта жүздің орыс патшасының қол астына өтуіне белсенді атсалысқан атақты Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Есеттің әкесі Базарқұлұлы Көкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Тарихшылар Салқам Жәңгір жоңғардың батыр қонтайшысының 50 мыңдық әскеріне 600 жауынгермен қарсы тұрып, шайқасып жатқанда 20 мың әскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүрдің әскерінің ішінде осы Көкі батырдың да болғандығын, сонда оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсеткенін жазады. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп, батыр атанады. Тәуке ханның тұсындағы жеңісті шайқастарда Есет батыр Кіші жүз қолын бастайды. Тарихи бетбұрыс жасаған Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болады. Есет батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның саясатымен тығыз байланысып жатады. Ханның қасында болып, ақыл кеңесін береді, хан мен халық арасына түскен жарықшақты дәнекерлеп бітірушісі болады. Әсіресе, орыс патшасының қол астына өтер кездегі хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде ол сол кездің тарихи ірі тұлғалары Бөгенбай батыр, Жәнібек батырлармен бірлесе отырып, оған үлкен көмек көрсетеді. Ресеймен қарым қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын берді. Есет батыр сексен екі жасында өзінің атамекенінде, өз ажалынан қайтыс болады. 18 ғасырдың басында Тәуке хан жеті рудың бастарын қосып, ірілендіру мақсатымен үш жүздің басын қосқан кеңесте Есет батырды Жетіруға ру басы етіп сайлаған. Есет батыр, әрі ақылды, әрі мырза адам болыпты. Көкі батырдың жеті ұлының бірі Есет батыр, жасы жиырмаға жетпей-ақ жауға аттанып, жоңғар, қалмақтармен соғыстарда ерлігімен көзге түсіп батыр атағы шыққан екен. Ол Әбілқайыр ханмен жасынан бірге өскен досы, Әбілқайыр ханның қазақ халқын Ресейге қосу күресінде Есет батыр табандылықпен Әбілқайырға мықты тірек болған адамның бірі. Қалмаққырылған деген жердегі айрықша ерлік көрсетіп, артына "Алланың тасы қатты ма, Есеттің басы қатты ма?" деген қанатты сөз қалдырған.

2017 жылы Жалағаш ауданы, Есет батыр ауылдық округінде Есет батырдың 300 жылдық мерейтойы қарсаңында батырға тастан қашалған кеудемүсіні ұрпақтарының демеушілігімен орнатылды. Мүсін авторы – С.Момыш.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
2 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
4 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
5 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.