Ұябай кесенесі

Мекен жайы: Арал ауданы, Қарақұм өңірінен шығысқа қарай 25 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұябай кесенесі.

1872 жыл

Ескерткіш тікбұрышты күйдірілген кірпіштен (26х13х7 см) тұрғызылған, аумақтық өлшемдері – 11х9 м, қабырғаларының биіктігі – 2 м, цилиндрлі күмбез асты барабанының биіктігі – 3,5 м, екі камералы, күмбезді-бетше босағалы. Шаршы пішінді болып келген негізгі аумақ цилиндрлі күмбез асты барабанындағы күмбезбен (бұзылған) жабылған. Бұл аумақтың бұрыштары жауырыншалармен безендірілген. Дәліз іспетті болып келген кіреберіс камера (ұзындығы 6,5 м, ені 1,5 м) қатты бүлінген, қабырғаларының сақталған қалдықтарына қарағанда, ол негізгі аумаққа оңтүстік-батыс жақтан жалғасқан, кіреберіс ойығы шығыс жақтағы бүйірлік қасбетте орналасқан. Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өту қаландылардан шығарылған бұрыштық парустар арқылы іске асырылған. Олар күмбез асты барабанының деңгейіне дейін жақсы аңғарылады. Күмбез асты барабанының жоғарғы бөлігінде (солтүстік жағынан басқа) тікбұрышты (60х40 см) ойықтар бар. Қабырғалары сыланбаған, ішінде қам кесектерден қалаған екі қабір үсті ескерткіші бар. Ескерткіш қатты қираған (кіреберіс камераның күмбезі, қабырғаларының бұрыштары және негізгі аумақтың күмбезі жойылған). Кесененің архитектурасы Сырдарияның төменгі ағысына тән кішігірім кіреберіс дәлізі бар күмбезді қабірхана сәулетін дамыта түседі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
3 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
5 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.