Тарас Шевченко мүсіні

Мекен жайы: Арал ауданы, Арал қаласы, №13 мектеп ауласында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарас Шевченко мүсіні,

2014 жыл

2014 жылы әйгілі украин-қазақ ақыны дарынды суретші Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында Қызылорда облысы  Арал ауданы,  №13 мектеп ауласында аранап бюсті орнатылды. 

Мүсін 2,25 натуралық өлшем қола матералынан құйылған. Биіктігі 1,1 метр, салмағы 380 кг. Тұғыры бетоннан құйылып, сырты гранитпен қапталған. Өлшемдері h-1,85 метр, 60х60 см. Мүсіннің авторы – Ж.Исмагулов.

Өмір дерегі:

Тарас Грыгорий ұлы Шевченко – әйгілі украин казак ақыны. 1814 жылы наурыздың 9-ында Киев губерниясы Моринцы ауылында дүниеге келген. Украинаның ұлы ақыны әрі суретшісі Тарас Григорьевич Шевченко 1847 жылдан 1857 жылға дейін Қазақстанның Кіші жүзі аумағында айдауда болды. Оның жер аударылуына ақынның бостандықты аңсаған өлеңдері себеп болған еді. Ол өзінің өлеңдеріне украин халқының бостандық пен тәуелсіздік алуға деген асқақ арманын арқау етті. 1847 жылы ол саяси айыбы үшін 33 жасында дербес Орынбор корпусына солдат етіп жіберіледі. Украинаның ұлы ақыны, талантты суретшісі Қазақстанға жер аударылып Ресей империясының солдатына айналады. Ол солдаттық борышын Орынбор, Ор бекініс-қамалдарында, Маңғыстау түбегіндегі Новопетровск бекініс-қамалында өтеді. Т. Шевченко мен жергілікті қазақтардың арасында достық жылы қарым-қатынас орнады. Патша үкіметі оның қазақтар туралы жазуына тыйым салды. Солай бола тұрса да Т. Шевченко «Түрмеден қашқан» («Варнак») атты повесть жазды. Онда қазақтардың аянышты ауыр халі суреттелді. Кейінірек Т. Шевченко «Егіздер» повесінде бұл тақырыпты тереңдете түсті. Қазақ кедейлерінің азапты ауыр өмірі Т. Шевченконың салған суреттерінде шыншылдықпен бейнеленді. «Бақташы бала», «Салт атты қырғыз», «Келі түйген келіншек», «Боранда», «Қайыршылар» деген туындылары дала кедейлерінің өміріне арналды. Суретшінің бейнелеу өнері саласында қалдырған мүрасы 450-ге тарта суретті қамтиды, ал соның шамамен 350-ге жуығы Қазақстан тақырыбына, оның табиғатына, адамдарының өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне арналған. Ұлы ақын жергілікті халық арасында зор сый-құрметке бөленді. Қазақтар «ақын Тараз» деп құрметпен атады. Жергілікті қазақтардың өмірімен жақын танысқан ол қазақ және украин халықтарының тарихи тағдырлас мақсат-мүддесі ортақ екенін айқын көре білді.

Тарихи деректерде Шевченко крепостник құқығы жойылған жылы, 1861 жылы наурыздың 10-да Санкт-Петерборда қайтыс болған. Өзі крепостник шаруа болғанынан, крепостник құқығымен, Ресей империясының патша езгісімен украин халқының еркіндігі үшін күрескен.  Кеңес үкіметі кезінде төңкерісшіл большевиктерге жақын идеяларының жақтанушы ретінде бағаланған. Қазір тәуелсіз Украинада украин халқының тәуелсіздігі менен ұлттық дамуы үшін күрескен қаһарман ретінде бағаланады. Халық ақыны болғандықтан, оны "ұлы кобзарь" деп атап кеткен. Қазақстанда оның есімімен қала, елді мекендер мен көше аттары аталады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
3 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл
4 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.