Сәбит қорымындағы № 44 сағанатам көктасымен, ХІХ ғасыр
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы. Абай ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Сипаттамасы: Жоспарында шаршы тәрізді мазар болып келеді, бұрыштары дүниенің төрт бұрышына бағытталған. Қабырғаларының өлшемдері: 8,2х8,2 м, биіктігі 1,1 м, қалыңдығы 0,8 м. Қам кесектен салынған. Мазардың бұрыштарында екі сатылы мұнаралар орнатылған. Қимасында шаршы болатын бірінші сатының өлшемдері 0,8х0,8 м, биіктігі 0,3 м. доғал болатын екінші сатының өлшемдері: диаметрі 0,2 м, биіктігі 0,2 м. Жартылай сопақша пішінді есік оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан. Ішінде жерлеу орны байқалмайды. Оңтүстік-шығыс қабырғасының сыртқы жағында араб жазуы бар екі жерлеу стела-көктасы жанасып тұр.