Егізбай кесенесі
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылында орналасқан
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Егізбай кесенесі.
1927 жыл
Егiзбай кесенесi Жанқожа батыр ауылының аумағында орналасқан қала құрылыс және сәулет объектісі. 1927 жылы қам кесектен салынған. Кесененің биіктігі
Ескерткіш екі камералы корпусының сатылы жоспарында камералар көлденең ості орналасқан. Жоспарында шаршы пішінді болып келген жерлеу камерасының негізгі аумағы (8,0х8,0 м) күмбез асты барабанындағы парабола сұлбалы күмбезбен көмкерілген. Бұл аумақтың бұрыштары жауырыншалармен безендірілген, ал шатырында күмбезшелер бар, күмбез қаланысында радиальды шығып тұрған сырғауылдар (6 қатар) бекітілген.