Сәбит қорымындағы № 45 сағанатам көктасымен, ХІХ ғасыр
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Сипаттамасы: Жоспарында тікбұрышты пішінді мазар болып келеді. Солтүстік шығыс-оңтүстік батыс сызығымен созылған. Қам кесектен салынған. Қабырғалар өлшемдері: 6х6,5 м, биіктігі 1,7 м, қалыңдығы 0,6 м. Мазардың бұрыштарында үш ширекті мұнаралар салынған. Тікбұрышты есік оңтүстік-шығыс қабырғасында орналасқан. Ішінде жерлеу орны байқалмайды. Солтүстік-батыс қабырғасының жанында араб жазуы бар екі жерлеу стела-көктасы тұр.