Қарасақал Ерімбет ескерткіші

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Ү.Түктібаев көшесі, н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қарасақал Ерімбет ескерткіші.

2006 жыл

Тарихы:

Қарасақал Ерімбет, Көлдейбекұлы Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын.

Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған.

Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877-1879 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.

Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. Оның насихаттық өлеңдеріне:

  • «Жақсылар бұл қиссадан ғибрат ал»
  • «Әй, балам, саған насихат»
  • «Жалғанның түбін ойлап, күтініңдер!»
  • «Сыйлап қал бір-біріңді соқпай саның»
  • «Жадыңа, ислам халқым, неге алмайсың?»
  • «Халықтың қалсын сөзі құлағыңда» Алланың құдіреті, Құранның шындығы, пайғамбардың өсиеті, білім-ғылымға ұмтылу жырланса, дастандарына:
  • «Атымтай жомарт»
  • «Хазіреті Ғали мен Дариға қыз»
  • «Әбу Шашма»
  • «Сәдуақас Сақи»
  • «Ақтам сақаба»
  • «Бап Раушан», Құран кітабындағы хикаялар, Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына байланысты аңыз әңгімелер өзек болған.

Сондай-ақ, ол қазақтың дәстүрлі айтыс өнеріне де өзіндік ерекшелігімен үлес қосты. Қарасақал Ерімбеттің негізгі жазба айтыстары («Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омары», «Ерімбет пен Аппақ», «Ерімбет пен Қаңлы Жүсіп», «Ерімбет пен Ыбырайым») жұмбақ айтыс тұрғысындағы идеялық, композициялық құрылымымен ерекшеленеді. Қыз бен жігіттің сөз сайысы («Қарасақал Ерімбет пен Жекей қыз») түріндегі айтыстары да ақынның әдеби шығармаларының дәстүрлі табиғатын танытады. Қарасақал Ерімбеттің жазба айтыстарында дидактикалық бағдардағы сюжеттер, нақылдар, мақал-мәтелдер, бейнелеу өрнектері мол қолданылады.

Ақын шығармалары «Айтыс» (1965, 2-т.), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992) жинақтарында жарияланды. «Ұлағат сөзім ұрпаққа» (1995) атты жеке жыр кітабы жарық көрді.

 

Ескерткіштің сипаттамасы:

Қарасақал Ерімбеттің 2006 жылы Қазалы қаласында орнатылған ескерткішінің биіктігі 1,5 м, сегіз бұрышты биік емес подиумға күмбез жабылған, подиум тіреулері қырлы болып келген, жан-жағы ашық мемориалды ансамбль. Оған ортадағы  жасыл желекті аллея апарады. Кешен абаттандырылған саябақ аумағында жайғасқан.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
5 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.